Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті тай жарысын өткізді.
Бәйге десе, делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы оншақты жүйрік тай бәйгеге қосылды. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті.
Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір сыйлық табыс етті.
«Біз ұлттық ат спортын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарадың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз» дейді Д.Нұрнәсір.
Шараны тамашалауға жиналған көрермендер бәйгенің қызықты өткендігін айтып, аламанды ұйымдастырған аудандық мешіт ұжымына алғыс білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
17.02.2021
2816
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру