Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жат ағымдардың жетегінде кетпейік!» атты кездесу өтті.
Танымдық кездесуге Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының директорының уақытша міндетін атқарушы Алшынбек Гусайынов, Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы және жергілікті Дін істері бойынша ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Ержан Таңжарықов қатысты.
Юнус Қадырқұлұлы Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің аясында әңгіме өрбітіп, біздің қоғамымызға жат, дәстүрлі емес ағымдардың сипаттарына тоқталып, олардың құрығына түспеу үшін жастарды діни тұрғыдан сауатты болуға шақырды. Сондай-ақ Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен қызметінен мысалдар келтіріп, қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясының пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалдырған іліміне сәйкес келмейтінін атап өтті.
Кездесу соңында, спикерлерді ұйып тыңдаған студенттер, көкейлерінде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
16.02.2021
3339
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру