Теміртау орталық мешітінің жанында осындай тақырыпта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жергілікті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандар өз қолымен пісірген түрлі тағам түрлері, тәттілер, сондай-ақ қолөнер бұйымдары сатылды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат толығымен қайырымдылыққа бағытталып, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандардың қажетін өтеу үшін жұмсалды.
«Сіздің әзірлеген тағамыңыз, жасаған бұйымыңыз арқылы бір адамның мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі хайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдарды өзара мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырамыз. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер қалалық Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіледі» деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
16.02.2021
3130
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру