ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Астана» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде тегін аспаздық шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Белгілі блогер Айсұлу Есболатқызы өткізген шеберлік сағатында медресе шәкірттері тәтті бәліштер мен пахлава жасауды үйренді. Елорда мешіттерінің әйел ұстаздары да шеберлік сағатына бірге қатысып, аспаздық тәжірибелерін толықтыра түсті.
Тамақ әзірлеу үстінде қатысушыларға халал тағамның маңыздылығы жөнінде насихат айтып, әрбір қоспаның құрамына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
Тренинг соңында Айсұлу Есболатқызы өз атынан қатысушыларға сый-сияпат үлестіріп, қыздардың ілім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі
muslim.kz
15.02.2021
2762
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру