Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак студенті халықаралық байқау жүлдегері болды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 14.02.2021 3055 0 пікір
Нұр-Мүбарак студенті халықаралық байқау жүлдегері болды

Нұр-Мүбарак университетінің 3-курс студенті Хибадат Жақсылық халықаралық шығармашылық байқауында мыңнан тұлпар атанды.

Өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп жеткізу үшін болашақ дінтанушы Хибадат Жақсылық «Үш бақытым»  өлеңін нықышына келтіріп оқыды. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» демекші, жеңімпазды жетелеген университет оқытушысы PhD, қауымдастырылған профессор   Ержан Қалмахан да Құрмет грамотасымен марапатталды.  

«Онлайн өткен байқау мақсаты – төтенше жағдайға қарамастан жастардың  шығармашылық жолындағы ізденістері мен шабыттары тоқырауға ұшырамас үшін, шығармашылықпен айналысуға ешқандай жағдайлар кедергі келтірмейтіні, кез келген уақытта өнерлерін шыңдауға болатынын көрсетіп, шабыт сыйлау. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі өнерпаздармен, алыс-жақын шетел өнерпаздарының басын біріктіріп, өнерлерін паш етіп, халыққа кеңінен таратып, бүлдіршіндерді елге таныстыру. Шығармашылық байланыс орнату» дейді ұйымдастырушы «Алаш өнер орталығы» өкілдері. 

Айта кетейік, жеңімпаз болған Хибадат Жақсылық Қазақстанның үздік студенттер академияның мүшесі, дарынды жастардың «Алтын төсбелгі-2020» иегері. Түрлі республикалық олимпиада мен конкурстардың лауреаты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру