Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 348-баспана берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.02.2021 2595 0 пікір
Түркістан: 348-баспана берілді

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Қаратас ауылының тұрғынына «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 348-баспанасы берілді.

Мұстафа Леуқабыловтың үйі өртеніп кеткен еді. Аудан имамының ұйымдастыруымен жергілікті жұртшылық жұмылып, 4 млн теңгеге баспана салды.

Жаңа қоныстың кілтін облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов табыстады. Сондай-ақ өкілдік атынан сый-сияпат жасады. 

Айта кетейік, былтыр Бәйдібек ауданы бойынша 3 баспана берілген болатын. Аудан имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы биыл тағы 4 үй беру жоспарланғанын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру