Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.02.2021 3557 0 пікір
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы Шымкент қаласына ресми сапармен келді.

Сапар аясында Шымкент қаласына қарасты мешіт имамдарына және сала бойынша, оның ішінде діни оңалту, жат ағым өкілдерімен жалпы және жеке кездесулер, шариғат және пәтуа беру мәселелері, «Рухани тәрбие – Ихсан ілімі» бағыттары бойынша дәріс оқиды деп жоспарлануда.

Әуелі, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шейх Сансызбай қажы Құрбанұлы діни оңалту һәм жат ағымдармен жұмыс бөлімінің мүшелеріне арналған «Жат ағымдағыларды оңалту – ортақ міндет» атты аймақтық танымдық діни семинарына қатысып, дәріс оқыды.

Сондай-ақ әсерлі өткен семинар аясында бөлімге қатысты қойылған өзекті сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Басқосуда Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, имамдар өздеріне мол тәжірибе алғанын атап өтіп, ұстазға рақмет айтып, ризалығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру