Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Әлеуметтік дүкен ашылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 12.02.2021 3319 0 пікір
Түркістан: Әлеуметтік дүкен ашылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылында әлеуметтік дүкен ашылды.

Мұнда киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық заттардың жаңасы жиналады. Тек жұма күні жұмыс істейді. Заттар зәрулікке қарай беріледі. Яки мешіт тізімінде тұрған жетім-жесір, тұрмысы төмен отбасылар қажетін ала алады.

Алғашқы азық-түлік 20 жанұяға таратылды. Игі іске ұйытқы болған ауыл имамы Абдуқадір Мақсұтов дүкен ашқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру