Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде аймаққа қарасты барлық қала, аудан имамдарының және діни оңалту жұмысына қатысты мамандардың қатысуымен семинар өтті.
«Жат ағымның алдын-алу жолындағы әдіс-тәсілдер» және 7 бағыт бойынша өткен семинар барысында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы биыл Діни басқарма тарапынан беркітілген жеті бағыттың маңыздылығын тілге тиек етті. 7 бағытқа жеке-жеке тоқталып, алдағы атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдарын белгіледі.
Сондай-ақ биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жұмыс жоспары бекітілді. ҚМДБ тапсырмаларын уақытылы орындау, айлық есептерге жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды. Барлық бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізілетіні ескертілді.
Семинар барысында діни оңалту бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы жиынға қатысушыларға семинардың мән-мақсаты мен маңызын түсіндіре келе, осы салада облыс бойынша нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің имамы Жанболат Хошкелдіұлы тәжірибесін бөлісіп, жат ағымның алдын алу шаралары мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдарын түсіндірді.
Алдағы уақытта осы бағыт бойынша облыстың барлық аймағында діни оңалту жұмысын қарқынды түрде жүзеге асырып, нәтижелі көрсеткішке ие болу жоспарланып отыр.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
11.02.2021
2697
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру