Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Бас имам аудан әкімімен жүздесті

amin.kz 11.02.2021 2892 0 пікір
Атырау: Бас имам аудан әкімімен жүздесті

Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аталған ауданның әкімі Ринат Жанглишовпен кездесті.

Кездесу барысында аудандағы діни ахуал, мешіттердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, құлшылық үйлерінің діни мамандармен қамтылу жайы, сондай-ақ Сарайшық жеріне сәулетті мешіт орнату мәселесі талқыланды.

«Сарайшық – руханияттың ордасы. Әлемге аты танылған тарихи шаһар. Туристер арнайы келіп, тәу ететін жерде жеті хан жерленген. Ондай аймақта сәулетті мешіттің бой көтергені дұрыс» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы. Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанглишов бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ бас имам Махамбет аудандық орталық мешітіне барып, ондағы ахуалмен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді. Алтынбек Ұтысханұлы Таңдау ауылында салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мұнда қарқынды жұмыс жүріп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру