ҚМДБ «Зекет» қорының «Жылу сыйла» акциясы аясында Өскемен аймағының қала мен аудандарында бірнеше қайырымдылық шарасы өтті.
Акция аясында Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты мешіттер тұрмысы төмен отбасыларға көмір түсірді. Бұл игі қайырымдылық шарасы туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров: «Өңірдің орталықтан шалғай орналасқан ауылдарында көмір бағасы қымбат. Оларға отын алуға қиындық туындап отырғаны белгілі. Сондықтан осы мәселеге барынша назар аударып, көмекке зәру отбасыларға қайырымдылық ретінде көмір түсіріп бердік. Бір отбасыға шамамен 2 тоннаға жуық көмір берілді. Бұл биылғы қысқа жетеді. Бұл шара жүйелі ұйымдастырылуда» деп атап өтті.
Көмір алған отбасылар «Зекет» қорына алғыс білдірді. Қайырымдылық акциясына Глубокое, Зайсан аудандық мешіттері белсенді қатысты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
11.02.2021
2744
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру