Қызылорда қалалық «Төлен ата» мешітінің кілемі жаңартылды. 80 адамға арналған мешітке жалпы көлемі 140 шаршы метрді құрайтын Иран кілемі төселді.
Мешіттегі өзгерістермен танысқан облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы игі іске демеушілік танытқан жергілікті кәсіпкерлер мен жанашыр жамағатқа алғыс білдірді.
Бұдан кейін «Төлен ата» мешітінде ҚМДБ «Зекет» қорының Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тайқазан» жобасы жалғасын тауып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік қоржынын үлестірді. Аталған жоба Сыр өңіріндегі «Мүсірәлі ата» мешітінде де өткізіліп, мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат 20 отбасыға көмек көрсетті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
11.02.2021
3016
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру