Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Қыздар арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 10.02.2021 3475 0 пікір
Семей: Қыздар арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

Семейдегі Әлихан Бөкейханұлы атындағы мешітте өңір бойынша қыздар арасындағы Құран жарысы өтті.

Санитарлық-эпидемиологиялық талап шарттары толық орындалған аталмыш іс-шара ұлтымыздың біртуар перзенті Ә.Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған болатын. Іс-шара басында Құран аяттары оқылып, Әлихан Бөкейханұлының рухына бағышталды.

Жарысқа әртүрлі жастағы 25 шәкірт қатысып, Құранның 30-шы парасын және 22 сүрені толықтай жатқа оқу бойынша өзара сынға түсті. Қатысушылардың барлығы дерлік мешіт ұстаздарынан тұрақты дәріс алып жүргендіктен, тәжуид қағидаларын мүмкіндігінше толық сақтап, жақсы нәтиже көрсете білді.

Нәтижесінде үздік деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар тағайындалды. Бас имам Асқар Әбітайұлы барлық қатысушыға алғысын білдіріп, ақшалай, арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Үміткерлердің ішіндегі кішкентай қатысушыларға да арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Сондай-ақәкірттерді дайындаған сауат ашу курсының ұстаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру