Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Алқа мүшелерінің жиыны өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 10.02.2021 2455 0 пікір
Қостанай: Алқа мүшелерінің жиыны өтті

Қостанай облыстық мешітінде алқа мүшелерінің басқосуы өтті. Жиынды Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет жүргізіп, 2020 жылғы өңірдегі барлық мешіттерде атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.

Ол өз сөзінде әлемді жайлаған қауіпті дертке қарамастан бірқатар істер тындырылып, қайырымдылық және басқа мақсаттарда жүзеге асырылған мәселелер туралы баяндады.

Бұл күндері өңірде 30 мешіт және 32 намазхана жұмыс істейді. Имамдардың алаңсыз қызмет атқаруына барлық жағдайлар жасалған. Кадрлар дайындау барысы да көңіл толтырарлықтай.

Мешіт қызметкерлері «Зекет» қорының облыстағы өкілімен тығыз байланыста жұмыс істеп, қаншама көмекке мұқтаж кісілердің алғыстарына бөленді. ҚМДБ-ның 30 жылдығына байланысты да аудандар мен қалаларда жергілікті бауырларымызға өнеге боларлықтай жүзеге асырылған жұмыстар да аз емес.

Жиын барысында Бахытбек Нұрғабылұлы алдағы міндеттер де ауқымды екендігін айтты. Биыл өңірде түрлі деңгейдегі байқау, көрме, спорттық және басқа да шаралар мен жобалар ұйымдастырылатындығын қатысушылардың есіне салды.

Осы отырыста алқаның жаңа мүшелері де бекітілді. Олардың міндеті мен мақсаттары да айқындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру