Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі аймақтың бас имамы Еркебұлан Қарақұловты журналистерге таныстырды.
Облыс имамы брифингте діни ахуалды оңалту мен алдағы жоспарлары жайында айтты. БАҚ сұрақтарына тұшымды жауап берілді.
Еркебұлан Ыбрайымұлы карантин кезіндегі мешіттердегі құлшылық тәртібін сақтау, эпидемиологиялық жағдайда ас беруді тоқтату мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ жасыл аймақтағы ауылдық мешіттерде Жұма намазы оқылатынын мәлімдеді. ҚМДБ-ның елге игілікті бастамалары мен 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
09.02.2021
2688
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру