Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада аудан, ауыл имамдарының жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.02.2021 2696 0 пікір
Қызылордада аудан, ауыл имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде аудан, ауыл мешіттеріндегі діни қызметтерді жандандыруға байланысты жиын өтті.

Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Абуовтың төрағалығымен өткен жиналысқа ҚМДБ бөлімдерінің облыстағы жауапты өкілдері, облыстық мешіттің наиб имамдары мен аудандағы бас имамдар қатысып, аудан және оларға қарасты ауыл мешіттеріндегі діни ахуал мен қызметтерді жандандыру жоспары талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, «Зекет», «Халал Даму», «Есеп», «Жастар ісі», «Шариғат және пәтуа», «Уағыз-насихат», «Діни оңалту», «Әйел-қыздар», «Рухани тәрбие», «Діни білім»  бөлімдерінің облыстағы жауапты өкілдері сөз алып, бөлім жұмыстарының аудан көлемінде кеңінен насихатталуын және қарқынды жұмыстар жүргізілу қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар, бас имам Болатбек Ұласқанұлы мешіт жұмыстары мен құжаттарын реттеп, құжаттамалардың біріздендірілуін, дін қызметкерлерінің имамның тұлғалық келбетіне сай болуын, білікті кадрлардың жұмысқа шақыртылуын, мешіттердегі діни дәрістер мен уағыз-сабақтардың жүйелі өтуін, ҚМДБ бекіткен  жеті бағыт жоспарының жүзеге асырылуы мен жауапкершілікпен атқарылуын жіті қадағалауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру