Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» атты семинар өтті.
Басқосуға Шымкент қаласы дін істері басқармасының Діни мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Тыныштық Сейілбекқызы, қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының Жастар ресурстық орталығының инспекторы Бақдаулет Айтуарұлы, Шымкент қаласындағы «Темірші ата» мешітінің имамы Ербол Қалшабек және ұстаздар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында Ербол Қалшабек «Адам баласын кемелдікке жетелейтін ілім» тақырыбында баяндама жасады. Бұдан бөлек деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары айтылды. Сондай-ақ шара барысында қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
09.02.2021
2765
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру