Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына барды.
Ермек Қасболатұлы аудандық мәдениет үйінде Күршім аудандық мешітіне қарасты ауыл имамдарымен кездесті. Жиында имамдарға «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Имамдардың қызметтік әдебі» секілді құжаттар насихатталды.
«Имамдар қызмет әдебін қатаң сақтап, рухани парасаттың үлгісі болуы тиіс. Имамдардың киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, халықпен қарым-қатынасы, тағы басқалары құжатта көрсетілген. Сондықтан құжатта айтылған мәселелерді имамдар жадында ұстауы керек. Өңірдің діни қызметкерлері аталған құжатты насихаттауға белсенді атсалысу керек» дей келе, осы бағытта атқарылатын шаралар жоспарын таныстырып, жан-жақты насихаттауды ауыл имамдарына міндеттеді.
Жиында аталған құжаттар имамдарға кітапша ретінде таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
09.02.2021
2476
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру