Теміртау орталық мешітінде имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстыруға арналған алқалы жиын өтті.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға қалаға қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және қызметкерлері қатысты.
«Бұл құжатты қабылдаудағы мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу және кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау. Осыған байланысты жергілікті жамағатқа аталған құжатта көрсетілген барлық ұстанымды дұрыс әрі толық түсіндіріп, жеткізуіміз тиіс» деді Естай Айтуғанұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
09.02.2021
2602
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру