Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Мәулімберген» мешіті кеңейтілді

amin.kz 09.02.2021 2300 0 пікір
Атырау: «Мәулімберген» мешіті кеңейтілді

Сыйымдылығы 70 орындық болған Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешіті жалғама құрылыс нәтижесінде 300 орынға дейін кеңейтілді.

Үш жыл бойына жалғасқан мешіттегі жалғама ғимараттар құрылысы аяқталды. Осылайша мешіт жанынан жапсарлас мəжіліс залы, дəрісхана, кітапхана, Құран оқитын бөлме жəне қайырымдылық бөлмелері жасалды.

«Құлшылық жасауға келетіндер үшін ерлер жəне әйелдер, сонымен бірге мешіт қызметкерлері дəретханасы іске қосылды. Асхана қайта жөнделді. Мешітімізге жылы еден төселді. Мешіт ауласында тыста намаз оқитын орын жасалды. Бүгінгі таңда мешітімізде 300-ден астам жамағат еркін құлшылық жасай алады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

«Мәулімберген» мешіті енді қызметтік баспана мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру