ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов облыстық «Qyzylorda TV» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында бас имам Болатбек Ұласқанұлы өңір мешіттерінің 2020 жылы атқарған жұмыстар нәтижесін баяндап, 2021 жылға арналған жоспарымен бөлісті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 көпбалалы мұқтаж отбасыға, жағдайы төмен 30 дін қызметкеріне баспана табыстау, ауылдық мешіттер жанынан дәретхана салу, қоршалмаған зираттарды қоршау, көпір және зиратқа жол салу, 30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу, бала-бақшалар, балалар үйі мен мектептердің аулаларына 30 000 түп ағаш отырғызу, «Тәуелсіздік жастары» атты түрлі саладағы жастарға Бас мүфти стипендиясын тағайындау, халқымыздың 30 игі дәстүрін дәріптеу, форум, конференция, шығармашылық байқаулар ұйымдастыру» секілді түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру