Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Көпбалалы анаға баспана бұйырды

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 05.02.2021 2303 0 пікір
Талдықорған: Көпбалалы анаға баспана бұйырды

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» республикалық акциясы Талдықорған өңірінде жалғасын тауып, 347-ші пәтердің кілті иесіне табысталды.

Өңірдегі мешіт имамдарының ұйытқы болуымен әрі жанашыр жандардың көмегімен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінің тұрғыны Әлия Әбілмәжіноваға 3 бөлмелі үй бұйырды. Отағасы бақилық болып, 6 баламен жесір қалған Әлия Әліпбайқызы осы күнге дейін пәтер жалдап күнелтіп келген.

Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы «Тәубе» мешітінде өткен салтанатты шараға арнайы қатысып, көпбалалы анаға жылы лебізін жеткізіп әрі жаңа баспананың кілтін табыс етті. Бұл – Талдықорған өңірі бойынша берілген 68-ші үй.

Сондай-ақ игі іске ұйытқы болған ауыл имамы Ерғалиұлы Қуатбекке Бас мүфти атынан Алғыс хат тапсырып, отандық шипажайға жолдама берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру