Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам Зайсанда кеңес өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 05.02.2021 2884 0 пікір
ШҚО: Бас имам Зайсанда кеңес өткізді

ҚМДБ-ның Өскемен аймағындағы бас имамы Ермек Қасболатұлы жұмыс сапарымен Зайсан ауданында болды. Сапар аясында өңірдегі діни ахуал жайлы кеңес өткізді.

Шараға Зайсан ауданы әкімі Серік Зайнулдин және Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқарамасынң басшысы Н.Құнанбаев және аудан имамы, өкілдіктің және ауданның бөлім басшылары қатысты.

Жиында Ермек қажы Қасболатұлы: «ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасмыен өткен Республикалық имамдар форумында еліміздің мұсылмандары үшін аса қажетті құжаттар қабылданды. Біз ұлттық салт-дәстүрімізді сақтай отырып, діни шараларды заман талабына сай бейімдеп, жаңғыртып, бір жолға қою бағытында іс-шаралар жасап жатырмыз. Зайсан ауданында ҚМДБ тапсырмаларының іске асуына Сіз көмек көрсетіп келесіз. Бұл дінімізге және ұлттық құндылықтарға деген үлкен жанашырлық» дей келе, ҚМДБ-дан бекітілген жеті бағыт бойынша шаралар туралы айтып өтті.

Кеңесте аудан әкімі С.Зайнулдин мырза ауданның діни ахуалы жіті назарда екендігіне тоқталып, ҚМДБ ның рухани-ағартушылық бағыттағы іс-шараларын әркез қолдайтындығын жеткізе отырып, «Ауданымызда діни ахуал тұрақты. Басты мақсатымыз еліміздің ішкі тұрақтылығының нығаюына үлес қосу. Дін саласындағы мемлекеттік саясаты нәтижелі жүзеге асыру біздің басты бағытымыз. Бұл мақсатта біз өкілдікпен бірлесе жұмыстар атқарамыз» деп айырықша атап өтті.

Жиында аудандағы діни ахуал, діни мамандармен қамтылуы, мешіттердің жағдайы талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру