Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: 346-шы баспана табысталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 05.02.2021 3024 0 пікір
Ақтөбе: 346-шы баспана табысталды

ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында Ақтөбе облысында Алға аудандық мешітінің ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыға баспана кілті табысталды.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан, Алға ауданының әкімі Мамырғали Досқұлұлы, «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әли, Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір және аудан тұрғындары қатысты. Қадірлі қонақтар баспана иесін шын жүректен құттықтай келе атсалысқан азаматтардың баршасына алғыс білдірді.

Республика бойынша 346-шы баспана – Ақтөбе облысы, Алға қаласының тұрғыны, III топтағы мүгедек Түйешина Маржанай есімді бір бала тәрбиелеп отырған анаға бұйырды. Ол кісіге алғалық ағайынның асарымен Алға қаласынан 2 бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Аудан бас имамы Әбдіуахид Әбдірасуловтың ұйымдастыруымен және атымтай жомарт жандардың демеушілігімен табысталған бұл баспана Республика бойынша 346-шы, ал Ақтөбе облысы бойынша 14-ші баспана болып тіркелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру