Түркістан облысының Созақ ауданы оңтүстіктің теріскейінде орналасқан. Басқа аудандарға қарағанда қысы қатты, көктемі кештеу келетін жер.
Аудан имамының тапсырмасымен қыстың көзі қырауда шын мұқтаж отбасыларға отын жеткізу жоспарланды. «Жылу сыйла» акциясы аясында «Igi qadam» ЖШС-нің демеушілігімен 20 отбасыға 1 тонна көмірден таратылды. Созақта қатты отынның тоннасы 17-20 мың теңгенің арасында.
«Жуантөбе» мешітінің имамы Сабыр Амандосов серіктестік директоры Нұрбақыт Өксікбаевқа алғыс айтты.
Айта кетейік, аудан бойынша қыс басталғалы 100 шақты отбасыға ағаш, көмір жеткізілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
04.02.2021
2880
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру