Елордадағы «Ырыскелді қажы» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен қыз-келіншектер арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.
Сайыс үш бөлім бойынша жүргізілді. Атап айтсақ: Құранның 30-парасы, «Дұха» және «Нас» сүрелерінің аралығы және мәнерлеп оқу. Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар және де қасиетті Құран Кәрім кітабы сыйға берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысушыларға ризашылық білдіріп, Алланың қасиеті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында жамағатқа уағыз айтып, жеңімпаздарды марапаттады.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
04.02.2021
3265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру