Алматы облысы Жамбыл аудандық «Шынасыл» орталық мешітінде қыз-келіншектерге арналған «Ихсан ілімі – әдептілік бастауы» атты танымдық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар арасында ақ жаулықты әжелермен қатар жас аналардың болуы көңілді қуантты. Себебі бабаларымыз айтқандай, «ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді».
Танымдық жиынды Жамбыл ауданының бас имамы Қалжан Әріпжанұлы жүргізіп, әдептілік қағидаттары туралы әсерлі әңгіме айтты. Саналы ұрпақ өсіру үшін бала тәрбиесінде қазақтың дүниетанымына ежелден жақын Ихсан іліміне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бас имам қазақ халқы ежелден бала тәрбиесінде имандылықты бірінші орынға қойғанын атап өтті.
Семинар жиналған қауымның сұрағына жауап беріп, бата жасаумен аяқталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі
04.02.2021
2541
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру