Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам Тарбағатайда болды

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 03.02.2021 2659 0 пікір
Өскемен: Бас имам Тарбағатайда болды

Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында болды.

Сапар барысында аудан орталығы Ақсуат ауылындағы «Ұранхай қажы» мешітінде діни қызметкерлермен кездесу өткізді. Басқосуда бас имам Республикалық имамдар форумында қабылданған бірқатар құжаттарды таныстырды.

«Зират және зиярат ету мәдениетін жүйелеу, ас берудің әдебін қалыптастыру мақсатында Бас мүфтидің бастамасымен осы құжаттар қабылданған болатын. Біз осынау тұжырымдамаларды халық арасында барынша насихаттаумыз керек» деп атап өтті Ермек Қасболатұлы.

Бас имам сонымен қатар өкілдіктің жылдық жоспары, бөлімдер бойынша атқарылатын шаруалар туралы айтып өтті. Басқосуда имамдарға жұмыс барысында қызмет әдебін сақтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру