Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: 70 отбасыға азық-түлік таратылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.02.2021 2558 0 пікір
Түркістан: 70 отбасыға азық-түлік таратылды

Түркістан облысында ҚМДБ бекіткен акциялар аясында қайырымдылық жасау жыл он екі ай бойы жалғасып келеді.

Кентау қалалық орталық мешіті тұрақты көмек алушылардың мәлімет базасын дайындаған болатын. Жәрдемге зәру жандардың әлеуметтік жағдайы жан-жақты зерттеліп, базада тек шын мұқтаждар тіркеуде тұрады.

«Жүрек жылуы» жобасы бойынша тіркеуде тұрған 70 отбасыға көмек берілді. Кентау қаласының бас имамы Ғалымжан Айекеев қайырымдылық шарасынал демеушілік жасаған жомарт жандарға ризашылық білдіріп, көпбалалы отбасылар мен жетім-жесірге азық-түлік табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру