Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Сырға толы сырласу кеші

muslim.kz 03.02.2021 3065 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Сырға толы сырласу кеші

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы Ихсан ілімі аясында рухани сырласу кешін өткізді.

Жиынға елорда ұстаздары, өнер майталмандары, кәсіпкерлер мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Кеш барысында ұстаздар тарапынан игі насихаттар айтылса, келген қонақтар өз саласына қатысты мәліметтерді бөлісті. Сондай-ақ ұйымдастырушылар тарапынан викториналық сұрақтар қойылып, сергіту ойындары жүргізілді.

Айта кетсек, Әйел-қыздар секторы алдағы уақытта әлеуметтік желі белсенділерімен жұмыла отырып бірнеше шараны атқаруды күн тәртібіне қойды. Олар – діни ағарту жұмыстары, жат ағымның алдын алу және қайырымдылық бағыттағы іс-шаралар. Осы тұрғыдан бірнеше жоспар талқыланып, ортаға салынды.

Кеш соңында келуші қонақтарға Әйел-қыздар секторы тарапынан әзірленген арнайы сыйлықтар мен лебіз хаттар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру