Қостанай облысы Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы бас имам Асылхан қажы Түсіпбектің басшылығымен талай жүрекке қуаныш ұялататын қайырымды іс-шараларға ұйытқы болып келеді.
Соның бірі көпбалалы және мұқтаж отбасылардың кішкентай балаларының есінде сақталар ізгі шаралар ұйымдастырылды. Балалар ойын алаңдарында болып, шаттыққа бөленді. Сондай-ақ олар өздеріне ерекше таңсық жылқыларға мініп, табиғатты тамашалады. Шара барысында балдырғандар сырғанаққа барып, ұмытылмас әсер алды.
Балаларын айрықша ойын-думанға кенелткен мешіт ұжымына ата-аналар қауымы шын жүректен алғыс білдірді. Қандай бала болмасын, бақытты болуға лайықты. Олардың жүзінен күміс күлкі нышанын көрудің өзі бір ғанибет емес пе?!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
02.02.2021
2627
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру