ҚМДБ «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли облыс имамдарымен бірлесіп қаңтар айында жасаған қайырымдылық жұмыстарын қорытындылады.
«Мұқтаждың мұңын бөліс» жобасы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Ойыл аудандық мешіті 31 отбасыға 525 келі азық-түлік таратқан болса, «Нәпіл құрбандық» жобасы аясында 16 отбасы 175 келі ет таратып Мұғалжар ауданының имамдары белсенділік танытты. «Үміт сыйла сәбиге» жобасы аясында Мұғалжар, Хромтау аудандары мешіттерге көмек сұрап келген отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді. Исламның бес парызының бірі – зекетті насихаттау жұмыстарында белсенділік танытып жүрген Мәртөк аудандық мешіті «Ақтөбе» медресе-колледжі шәкірттеріне демеушілер арқылы қаржылай көмек көрсетті.
Сондай-ақ «Қолдан-қолға» жобасы аясында облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті мен Мәртөк аудандық мешіті медресе шәкірттеріне шәкіртақы табыстады. ҚМДБ «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі мен Жастар секторы өкілі бірігіп демеуші тарапынан Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде білім алып жатқан студенттің оқу ақысын төлеп берді. «Зекет» қорының жергілікті өкілдері қысқы маусымда отынға қолы жете алмай жүрген 4 мұқтаж отбасыны «Жылулық сыйла» акциясы аясында 6 тонна көмірмен қамтамасыз етсе, Мұғалжар ауданы Ембі қалалық «Нұр» мешіті бір отбасыға газ плитасын алып беріп, жылулық сыйлады.
Сонымен қатар «Тайқазан» жобасы бойынша «ҚМДБ – қайырымдылық жаршысы» атты республикалық марафоннан Ақтөбе облысы да тыс қалмай, 630 отбасыны 9 тоннадан астам азық-түлікпен қамтамасыз етті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
02.02.2021
2764
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру