ҚМДБ Семей аймағы өкілдігі «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбындағы арнайы форум өткізді.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған аталған іс-шараға өңірдегі дін қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Конференция барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар таныстырылып, кеңінен талқыланды.
Басқосуда дін өкілдері Исламның мәдени құндылықтарының негізгі бағыттарына айрықша тоқталды. Атап айтсақ, ас беру және жаназа рәсімдерінің ережелерін, зират және зиярат мәселесін халық арасында насихаттау жайы сөз болды. Бұл ретте жұртшылық арасындағы түсіндіру жұмыстары, әсіресе онлайн насихат бойынша атқарылар шаралар қатары кең көлемде пысықталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.02.2021
2467
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру