Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барды.
Бас имам алдымен Көкпекті аудандық орталық мешітінің хал-жайымен танысып, ауданға қарасты ауыл имамдарымен кездесу өткізді. Жиында Ермек Мұқатай Бас мүфтидің бастамамымен бекітілген жеті бағыт туралы айтып, «Ас беру мәдениеті», «Зияткер имам» секілді бірқатар құжаттарды таныстырды.
«Бұл құжаттарды халық арасында насихаттау аса маңызды. Ас беру мәдениетін бір ізге түсіретін уақыт келді. Бұл – біздің ортақ міндетіміз» дей келе, жаңадан ашылған салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің қызметі мен «Зекет» қорының жұмысын жаңғырту секілді мәселелерге тоқталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
02.02.2021
2833
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру