Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның 2021 жылға арналған жеті жұмыс бағытын іске асыру бойынша жиын өтті.
Өңірдің бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиынға облысқа қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің бас имамдары, бағыттар бойынша жауапты наиб имамдар, есепшілер мен әйел ұстаздар қатысты.
Іс-шараның шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін, бас имам Әнуар Ізімбайұлы дін қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті жұмыс бағыты бойынша толық әрі тұщымды ақпарат берді. Сондай-ақ былтырғы жылдың жұмыс бағыттары бойынша жауапты имамдардың есебі тыңдалып, жаңа бағыттар бойынша жұмыс жоспарлары мен жауапты имамдар бекітілді.
«ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес, 2021 жылы жеті бағыт – ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға басымдық беруіміз керек. Әсіресе қайырымдылық іс-шаралары мен акцияларына ерекше көңіл бөлуді тапсырамын. Сондай-ақ өңіріміздегі коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша шараларға сәйкес, мешіттеріміздегі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс» деді бас имам Әнуар Ізімбайұлы.
Бұдан бөлек Әнуар Ізімбайұлы жиналған қауымды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей бастамасымен ҚМДБ жанынан жаңадан ашылған Әдеп кеңесі мен салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жобаларымен таныстырды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.02.2021
2680
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру