Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: БАС ИМАМ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.02.2021 2911 0 пікір
ТҮРКІСТАН: БАС ИМАМ ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістанға ресми сапармен келген Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай мен Венгрияның Алматыдағы бас консулы Ференц Блауманн облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұловпен жүздесті.

Михай Галошфай мен Ференц Блауманн бас имаммен діни тұрақтылық, ауызбіршілік жайында әңгімелесті. Облыс имамы Түркістанда Түркі әлемінің саммиті өтетінін, сондай-ақ ҚМДБ бойынша ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады.

Елшілермен сұхбат мазмұнды болды. Қазақы құрметпен қадірлі қонақтардың иығына шапан жауып, кәдесый тарту етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру