Шымкент қалалық №6 Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде діни ағымдардың алдын алу шаралары жөнінде онлайн және офлайн түрінде семинар өтті.
Іс-шараға Шымкент қалалық орталық мешіттің наиб имамы, уағыз-насихат бөлімінің жетекшісі Мұсабек Ақтамберді қатысып, баяндама жасады. Басқосу аясында жастардың түрлі қылмыстық әрекеттер мен кереғар ағымдардан сақтану жолдары кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ Мұсабек Ақтамберді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған жастар тәрбиесінде аса қажетті «Кемел адам» мен «Ихсан ілімі» тұжырымдамасын қолға алу қажеттігін атап өтті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.02.2021
2845
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру