Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ» мешітінің имамдары ерекше қайырымдылық шарасын өткізді.
Іс-шараны аталған жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы мен «Игі істер» қоғамдық қорының еріктілері ұйымдастырды.
Жыл он екі ай бойы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, Жаңаөзен қаласының көшелерінің тазалығына ерекше мән беріп, оларды абаттандыру мен көркейту үшін бар күш-қайратын жұмсап жүрген азаматтар аз емес.
Тазалық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың қажырлы еңбегін бағалап, көңілін марқайту мақсатында дін қызметкерлері мен еріктілер 40 кісіге ыстық тағам, кофе және бәліш үлестірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
beket-ata.kz
01.02.2021
2960
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру