ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай волейболдан «Тәні саудың жаны сау» атты спорт жарысы өтті.
Жарысқа елорда мешіттерінен жиналған әйел жамағаты қатысып, бақтарын сынады. Қызықты да бәсекелі дода «Инабат», «Жібек», «Фирдаус», «Бәйтерек» сынды төрт команда арасында өрбіді.
Қазылар алқасы мен тамашалауға келген қыз-келіншектер тартысты ойынның куәсі болды. Нәтижесінде «Фирдаус» командасының қыздары айқын басымдықпен бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен естелік кубоктары табысталды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
31.01.2021
3453
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру