Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Кітап оқу сайысы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.01.2021 3758 0 пікір
Шымкент: Кітап оқу сайысы өтті

Шымкент қаласы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде «Бір айда – бір кітап» атты кітап оқу сайысы өтті.

Іс-шара барысында аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов пен қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжановалар сөз сөйлеп, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізіп, игі шараға сәттілік тіледі.

«Асыл аналар» кітабын қатысушылар бір ай бойы оқып, сайыста екі кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде төмендегі оқырмандарымыз жүлделі орындарға ие болды.

Жастар номинациясы бойынша:

1-орын – Сейітхан Асел,

2-орын – Мұсабекқызы Ақжібек,

3- орын – Тұрғынбай Бибі-Мариям.

 

Апалар номинациясы бойынша:

1- орын – Рысбаева Санди,

2- орын – Исабаева Назира,

3- орын – Жұманова Мәдина.

 

Ынталандыру сыйлықтары:

Төлегенова Забира,

Будыкова Зейнеш,

Пернехан Кәусар,

Амангелдиева Жадыра,

Айдеқызы Айша.

Айта кестек, танымдық шараны ұйымдастырып, белсенді жұмыс атқарған  Рано Тұрсынбаева ұстазға және барлық демеушілерге Алла разы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру