Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Бас имам сәлде, шапан тарту етті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 30.01.2021 4365 0 пікір
Өскемен: Бас имам сәлде, шапан тарту етті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Имамдардың қызметтік әдебі» құжаты қабылданған болатын.

Осы құжатқа сәйкес өңір имамдарының киім үлгісін бір қалыпқа енгізу бағытында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі айрықша іс-шара өткізді. Өңірдің бас имамы Ермек Қасболатұлы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы имамдарына жаңа шапан, сәлде тарту етті.

«Бас мүфтидің бастамасымен іске асып жатқан имамдардың қызметтік әдебінің талабы бойынша имамдардың ішкі рухани кемелдігімен қатар сыртқы келбеті, киім киісінде бірізділік болуы тиіс. Осыған сәйкес өңір имамдарын стандартқа сай шапан және сәлдемен қамту шарасын қолға алып жатырмыз» деп атап өтті Ермек Қасболатұлы.

Сонымен қатар бас имам дін қызметкерлеріне имамдардың қызметтік әдебі жайлы айтып, «Зияткер имам» құжатын насихаттады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру