Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіт ұстаздарымен кездесті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.01.2021 2418 0 пікір
Қарағанды: Мешіт ұстаздарымен кездесті

Бүгін ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы іс-сапармен Жезқазған және Сәтбаев қаласына ат басын бұрды.

Сапар барысында сектордың облыс бойынша жауаптысы Арай Серғалиқызы аталған аймақ мешіттерінің ұстаздарымен кездесіп, арнайы жиын өткізді. Жиын барысында Әйел-қыздар секторының Жезқазған өңірі бойынша жауапты маманы ретінде Рахима Талинбекова тағайындалып, бөлімнің мақсаты мен қыр-сырын таныстырылды.

Сондай-ақ өңір ұстаздары бас қосқан жиында жат ағым және ҚМДБ-ның арнайы бекіткен жеті бағыты талқыланды. Тың жобалар мен жоспарлар бекітіліп, мақсаттар алға қойылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру