«Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе өңірі бойынша жауапты мамандарына арналған жиын өтті.
Жиынды облыстың бас имамы Төлеби Оспан ашып, биыл басымдық беретін іс-шараларға тоқталып, жауапты мамандарды белсенді болуға шақырды. Сонымен қатар осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мақсатында жауапты мамандар құрамы бекітілді.
Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі, ұстаз Ержан Мизамов облысқа қарасты жауапты мамандарға Бас мүфти бекіткен биылғы жұмыс жоспарын таныстырып, күн тәртібіне қойылған 4 бағытта жүргізілетін іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді. Әріптестерінің ұсыныс, пікірлерін тыңдады.
Атап айтсақ, жауапты мамандар насихат, сауаттылық, қоғамдық және спорттық шаралары бағытында жұмыстар жүргізеді. Сондай-ақ Е.Мизамов IV республикалық имамдар форумында қабылданған «Зияткер имам» құжатын басшылыққа алып, қызмет барысында аталған құжатта баяндалған имамның біліктілігі мен білімін, мәдениеттілігі мен жан-жақтылығын көрсететін қағидалар мен әдептерді ұстануға шақырды. Осы жылды ерекше қарқынмен бастаған ақтөбелік жауапты мамандардың алда атқаратын жұмыстарынан күтер үміт мол.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
29.01.2021
3107
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру