Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Жат ағыммен жұмысқа басымдық беріледі

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 27.01.2021 2933 0 пікір
Ақтөбе: Жат ағыммен жұмысқа басымдық беріледі

«Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «2021 жылы басымдық берілетін жеті бағыт» атты кеңейтілген жиын өтті.

Жиынға қала, аудан және ауыл имамдары қатысты. Бас мүфти биыл бекіткен жеті бағыт имамдарға таныстырылып, оны жүзеге асыру жоспары бекітілді.

«Бас мүфти жақында Діни басқарманың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалық баяндамасын жолдады. Баяндамада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021 жылы ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыттарына басымдық берілетіні айтылған. Осылайша Бас мүфти дін қызметкерлерінің биыл басымдық беретін бағыттарын айқындап берді. Осы бағыттар бойынша қызметімізді жүйелі түрде жүзеге асырып, халыққа қызмет етуіміз қажет» деп атап өтті Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан.

Жиын барысында аталған бағыттарға жеке-жеке тоқталып, жауапты имамдар мен мамандар бекітілді. Сонымен қатар IV республикалық имамдар форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам», сондай-ақ «Мешіт имамының қызметтік әдебі» құжаттары таныстырылды. Осы құжаттар бойынша қала, аудан және ауыл имамдары арасында білім сайысын өткізу белгіленді.

Жиында Бас мүфти бастамасымен діни басқарма жанынан құрылған Салттық қызмет көрсету орталығы мен Әдеп кеңесінің қызметтері де таныстырылды. Сонымен қатар пандемия жағдайын ескере отырып, жамағат арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, діни сауалдарына дер кезінде жауап беру мақсатында арнайы медиа жоспар құрылды.

Жиын соңында Бас мүфти бекіткен жеті бағыт аясында қала, аудан имамдары бар күш-жігерін салып қызмет етуге әзір екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру