Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Тазалықшыларға азық-түлік қоржыны берілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.01.2021 2505 0 пікір
Қызылорда: Тазалықшыларға азық-түлік қоржыны берілді

Қыстың ызғарлы күнінде мешіт қызметкерлері Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етіп отырған еңбеккерлерге сый жасады.

Қайырымдылық шарасын Қызылорда қалалық «Нұр» мешіті ұйымдастырды. Дін қызметкерлері мен ерікті жамағат 40 тазалық қызметкеріне азық-түлік қоржынын табыстады.

Іс-шараның мақсаты – ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күн-түн демей қала тазылығы мен тұрғындар игілігі үшін қызмет жасап жатқан бірқатар азаматқа мешіт имамдары мен жамағаты атынан қолдау білдіріп, қамқорлық таныту.

Сонымен қатар қалалық «Хазірет Әли», «Алдажар Жәме» мешіттерінің ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 32 отбасыға азық-түлік көмегі берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру