ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Жастар секторының ұйытқы болуымен өңірге танымал дін қызметкері Көкенай қажы Бұқайұлын еске алуға арналған шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан өңірлік турнир өтті.
Турнир Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ұйымдастырылды. Бәсеке барысында карантин талаптары қатаң сақталды. Сайысқа Өскемен қалалық мешіттерімен қатар Ұлан, Глубокое аудандары мешіттерінің дін қызметкерлері мен жамағатынан құралған командалар қатысты. Сайыс шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен өтті. Ойыншылар тыңғылықты дайындықпен келіп, ойынның үздік үлгісін көрсетіп, бір-біріне нағыз қарсылас бола білді.
«Бұл сайыс Өскемен өңіріне аты белгілі діндар Көкенай Бұқайұлы атамызды еске алу бағытында өткізіліп отыр. Көкенай қажы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңірге Ислам дінін насихаттап, Өскемен қаласындағы алғашқы мешіттің ашылуына ұйытқы болып, дін жолында айтарлықтай еңбек етті. Өнегелі ісін, тағылымын жастарға насихаттау, жастарды спортқа баулу, ынтымақ-берекесін арттыру бағытында осы сайысты өткізіп отырмыз» деді турнир ұйымдастырушылары.
Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынға – Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті, 2-орынға – Өскемен қалалық орталық мешіті, 3-орынға Өскемен қалалық «Мұхаммади» мешітінің командалары ие болып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Турнир соңында Көкенай қажының жақындары жарысты ұйымдастырған өкілдікке және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
25.01.2021
2768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру