Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Имамдар онлайн жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 21.01.2021 2184 0 пікір
Өскемен: Имамдар онлайн жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлының басқаруымен аудан, қала имамдарының жиыны өтті.

Басқосуға аудан имамдары онлайн және қала имамдары қатысты. Жиында ҚМДБ ның төралқа мәжілісінде қаралған тапсырмалар имамдарға таныстырылды. Діни басқарма бекіткен 7 бағыттағы қызметті қарқынды жүргізуді бас имам аудан, қала имамдарына тапсырды.

Сонымен қатар өңірде 2021 жылы атқарылатын іс-шаралардың негізгі бағыты белгіленді. Ермек Қасболатұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазіреттің бастамасымен құрылған «Қамқор-Шарапат» қызметінің жұмысын таныстырып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру туралы арнаулы тапсырма берді.  

«Қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға байланысты имамдарымыз карантин талаптарын сақтап қызмет етіп жатыр. Онлайн уағыздар, жамағат сауалдарына әлеуметтік желілерде жауап беру секілді насихат жұмыстары арнайы жоспар бойынша үздіксіз атқарылуда. Өңірде ай сайын мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылуда» деп атап өтті Ермек Қасболатұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру