Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Қостанай ауданы Алтын дала ауылындағы «Өтеген қажы Өтешұлы» намазханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыс барысымен танысты.
Алтын дала ауылының тұрғыны әрі мешіт жанашыры Сағындық Есментаев бас имамға намазханадағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Сондай-ақ Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық намазханасының асханасы да биыл халық игілігіне тапсырылады.
Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапарында Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің имамы Асылхан Түсіпбекпен бірге елдімекеннің ақсақалдарымен кездесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
21.01.2021
2628
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру