Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Жұмыс жоспары бекітілді

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі 21.01.2021 2551 0 пікір
СҚО: Жұмыс жоспары бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қызылжар» орталық мешітінде өңірдің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті.

Басқосуға қала және аудан имамдары қатысты. Жиын барысында жуырда ғана ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде қабылданған 7 бағытты кеңінен таныстырылды.

Өңірдің бас имамы әр бағытқа жеке-жеке тоқталып, алда атқарылатын жұмыстың жоспарын бекітті. Сондай-ақ ҚМДБ тапсырмаларын уақытында орындау қажеттігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, барлық бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарға ай сайын мониторинг жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру