Нұр-Сұлтандағы «әр-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа арналған қайырымдылық шарасы өтті. Байқоңыр ауданы Өндіріс елдімекенінің тұрғындарын қамтыған шара аясында 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері мен ет таратылды.
«Әр-Рахман» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жамағатпен арнайы жүздесіп, қайырымдылық сөмкелерін табыстап, ізгі тілегін білдірді. Қыстың көзі қырауда жүректерге жылу сыйлаған қайырымдылық шарасына жамағат та алғыс білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
20.01.2021
2883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру